Атырау, 26 қараша 00:51
 ашықВ Атырау -2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Антибиотиктен ажал құшты

2 543 просмотра

Облыстық патологоанатомиялық бюро ақпараты бойынша, жақында Атырауда әдеттегі антибиотик инъекциясының нәтижесінде өліммен аяқталған жағдай тіркелген.

Қашағанда монтаждаушы боп жұмыс істейтін Индер ауданының 35 жастағы тұрғыны өзін жайсыз сезініп, антибиотикпен емделе бастаған. Цефтриаксон дәрісін еккеннен кейін жағдайы нашарлап, шұғыл арада тікұшақпен облыстық ауруханаға жеткізіліпті. Алынған шараларға қарамастан науқас антибиотик қабылдағаннан кейінгі 19-шы күні қайтыс болды.

Бұл анафилактикалық есеңгіреудің өте сирек кездесетін жағдайы, - дейді патологоанатомиялық бюроның бас дәрігері Исатай МОЛДАҒАЛИЕВ. – Науқастың жедел жүрек, тыныс алу және бүйрек жетіспеушілігі, өкпенің ісінуі, екіжақты плеврит және т.б. сырқаттары күшейіп кетті. Қазіргі уақытта өлімнің жай-жапсарына тергеу жүргізілуде.

Анастасия ПАСТУХОВА

«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ. Анафилактикалық есеңгіреу жағдайының таралуы – жылына 100 000 адамға 5 жағдайдан тура келеді. Ауыр түрі аллерген түскеннен кейін 5-10 минуттан соң дамиды. Науқас ауаның жетпейтіндігіне, қызуға, бас ауруына, жүрек тұсының ауырғанына шағымданады. Егер дер кезінде білікті көмек көрсетілмесе, қысқа уақыт ішінде өліммен аяқталады.

2 шілде 2013, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.