Эдвард Сноуден. Фото: АРАСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат - Эдвард Сноуденнің ісі бойынша WikiLeaks-тің құқықтық кеңесшісі Сара Харрисон Сноуден саяси баспана сұраған мемлекеттердің тізімін жария етті.
Бұл туралы Утро.ру жазады.
Сұраулар Мәскеудегі тиісті мемлекеттердің елшіліктеріне жіберілуі тиіс.
Құжаттарда Орталық барлау басқармасын әшкерелеп, америкалық биліктің қудалауына ұшыраған Сноуденге төніп тұрған қауіп туралы жазылған. Құжаттар мәскеулік «Шереметьево» әуежайында ресейлік елшіліктің өкілдеріне тапсырылды.
Тізімге Австрия, Боливия, Бразилия, ҚХР, Куба, Финляндия, Франция, Үндістан, Италия, Ирландия, Нидерланды, Никарагуа, Норвегия, Польша, Испания, Швейцария, Венесуэла және Ресей енді.
Дереккөз: inform.kz