АСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат - Якутияда ішінде 25 жолаушы мен экипаждың 3 мүшесі болған Ми-8 тікұшағы жерге сәтсіз қонып, алдын ала мәліметтер бойынша, 15 адам қаза тапты.
Бұл туралы РБК хабарлады.
Нақтыланған мәліметтер бойынша, жолаушылар арасында 11 бала болған (бастапқыда 3 бала туралы айтылды).
Тікұшақтың байланысқа шықпағаны туралы хабар жергілікті уақыт бойынша сағат 11.20-да түскен. "Полярлы әуе желілері" әуе компаниясына тиесілі тікұшақ Депутатский кентінен Казачье ауылына бет алған еді.
Оқиға орнына екі Ми-8 тікұшақтары аттанды.
Дереккөз: inform.kz
В Атырау +4