Атырау, 5 қазан 15:25
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Грузияда 31-ші қазанда президент сайлауы өтеді

2 411 просмотра

Грузияда 31-ші қазанда президент сайлауы өтеді, деп хабарлайды Newsru.com.

Бұған дейін сайлау 27-ші қазанда өтетіні хабарланған болатын. Алайда хабарламада техникалық қате кетуіне байланысты сайлау күні жаңсақ көрсетілген. 

Президент әкімшілігінің басшысы Андро Барнов президент сайлауы күніне орай брифинг өткізді. Андро Барнов техникалық қате кеткені үшін жұртшылықтан кешірім сұрап, сайлау 31 қазан күні өтетінін айтты.

Қазір үш кандидаттың есімі белгілі. Олар «Грузин арманы» коалициясының өкілі, Грузияның вице-премьері, білім және ғылым министрі Георгий Маргвелашвили; «Лейбористік партиядан» - Шалва Нателашвили; парламенттің экс-спикері Нино Бурджанадзе.

«Бірыңғай ұлттық қозғалыс» партиясы атынан сайлауға түсетін кандидаттың есімі (қазіргі президент Саакашвилидің жақтастары) шілде айының соңына дейін белгілі болады.

Дереккөз: bnews.kz

2 шілде 2013, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.