Атырау, 26 қараша 01:46
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

145 тұрғын үй жарықсыз қалды

2 013 просмотра

30 маусымда секундына 16-25 метр жылдамдықпен соққан дүлей жел Мақат ауданы электр тарату желілерінің (ЭТЖ) 9 бағанасын құлатып кетті. Нәтижесінде Байшонас ауылы электр жарығынсыз қалды, онда әлі күнге дейін 145 отбасы тұрып жатыр екен.

- Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Байшонастықтарды электрмен қамту 1 шілде күні сағат 20.00-де қалпына келтіріледі, -деп сөз берді аудан әкімінің орынбасары Самат АЙТҚАЛИЕВ.

Ауылда әлі күнге дейін адамдар неге тұрып жатыр? «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қаржыландырған көшіру бағдарламасына сәйкес оларға Атыраудан пәтерлер берілген жоқ па? Бұл сауалдарға аудан әкімінің орынбасары жауап бере алмады.

Естеріңізге салсақ, үстіміздегі жылдың 17 сәуірінде облыстық мәслихаттың ХІІІ сессиясында Жалған есеп жария болды» мақаласын қараңыз) депутаттар Мақат ауданындағы Ескене мен Байшонас ауылдарын жою туралы шешімді бекітіп, тұрғындары Атырау қаласына көшірілген еді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

1 шілде 2013, 17:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.