Атырау, 23 қараша 16:57
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мұнай аққаны туралы іс әлі сотқа жеткен жоқ

691 просмотра
фото tengizchevroil.com

«АЖ»-ның сауалына Атырау облысы полиция департаменті іс Жылыой аудандық полиция бөлімінің құзырында ҚР Қылмыстық кодексінің 332-бабының 1-бөлігі («Жер учаскесін бүлдіру») бойынша тергеліп жатыр деп жауап берді.

«Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жан-жақты және объективті тергеу үшін барлық шаралар қабылдануда», - деп жауап берді полиция департаментінен.

Естеріңізге сала кетейік, 12 қарашада Сарықамыс жолының батыс жағындағы ТШО компаниясына тиесілі мұнай резервуарлары паркі мен кешенді технологиялық желісінің газ өңдеу зауыты арасындағы жерасты желісінен 50 текше метр мұнай (бір вагон) ағып кеткен болатын.

Айнұр САПАРОВА

7 тамыз, 02:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.