Атырау, 21 маусым 03:24
 бұлттыВ Атырау +22
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65

Хорватия ресми түрде Еуроодаққа енді

2 533 рет қаралды

АСТАНА. 1 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Хорватия ресми түрде Еуропалық одақтың 28-інші мүшесі болды.

Елдің ЕО-ға енуі Еуропадағы қаржы дағдарысымен тұспа-тұс келсе де, небәрі 20 жыл бұрын ғана тәуелсіздігін алған шағын мемлекет үшін бұл маңызды қадам болып табылады. Бұл туралы РБК хабарлайды.

1 шілде күні таңертең Хорватияның өкілдері Еуроодақтың түрлі органдарында өздерінің міндеттерін орындауға кіріседі. Елде Еуропарламентке сайлау биылғы сәуір айында өткен болатын.

Еске сала кетейік, Хорватия ЕО-ға мүшелікке өтінімді 2003 жылы берді, 2004 жылдың ортасында мемлекетке үміткер мәртебесі берілді. 2006 жылы ел заңнамасы ЕО талаптарына сәйкестендірілді, бірақ Словениямен арадағы шиеленіске байланысты ЕО-ға ену кейінге қалдырылды. Елдің ЕО-ға қосылуы туралы Келісімге Загреб пен Брюссель 2011 жылдың 9 желтоқсанында қол қойды.

Дереккөз: inform.kz

1 шілде 2013, 11:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.