Атырау, 26 қараша 01:49
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қашағандық балақай енді Манчестер студенті

2 931 просмотра

Бүгін, 30 маусымда кешкісін Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ пен Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид КЭМЕРОННЫҢ қатысуымен болатын «Болашақ» зауытының ашылу салтанатына 2000 жылы Қашаған кенішінің ашылуын жариялау салтанатына қатысқан жас атыраулық Берік УӘП (суретте) шақырылды.

Ол кезде қазіргі Ұлыбританиядағы Манчестер университетінің студенті Беріктің жасы 7-де болыпты. «АЖ»-ға Беріктің өзі әңгімелеп бергендей, 2000 жылы салтанатты ресімге ағылшын тілін білетін қазақ баласын іздеген екен. Сөйтіп, таңдау оған түсіпті. Салтанатты ресім Каспий теңізіндегі «Сұңқар» бұрғылау баржасында өткен.

- Әлі есімде, маған Нұрсұлтан аға жақындап келіп, бұрғылау ұңғысынан алынған Қашаған мұнайын бетім мен маңдайыма жағып, содан соң өзіне де жақты. Осы ресімге қатысу менің болашағымды айқындап берді. Мен консорциум гранты бойынша мұнай инженериясында оқимын. Бұдан басқа, жыл сайын консорциум жазғы каникулдарда Солтүстік Каспий жобасында жұмыс жасап жатқан компаниялардан стажировкадан өтуге мүмкіндік береді, - дейді Берік.

Белгілі болғандай, бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де «Болашақ» зауытының ашылу ресімінде ел президенті онымен 13 жылдан кейін қайта кездеспек.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

30 маусым 2013, 18:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.