Атырау, 2 маусым 11:28
 дождьВ Атырау +15.1
$ 488.96
€ 569.49
₽ 6.81

АМӨЗ-де тағы да басшы ауысты

4 641 рет қаралды

«“ҚазМұнайГаз” ҰК» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Данияр ТИЕСОВ зауыт ұжымымен кездесу барысында АМӨЗ басшылығының ауысқандығы туралы хабарлады.

ҚМГ басқармасының шешімімен Арман ҚАЙЫРДЕНОВ «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технобағы» арнайы экономикалық аймағы басқарушы компаниясы» АҚ-ның басқарушы органын қалыптастыру үшін өкілетті тұлға боп тағайындалуына байланысты «АМӨЗ» ЖШС-нің бас директоры лауазымынан босатылды. АМӨЗ бас директорының міндетін атқарушы боп, бас директордың даму және жаңғырту жөніндегі бірінші орынбасары Қайрат ОРАЗБАЕВ тағайындалды.

Арман Қайырденов АМӨЗ-ге тура 7 ай басшылық еткен болатын («АМӨЗ» басшысы ауысты» жарияланымын қараңыз).

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

28 маусым 2013, 12:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.