Атырау, 26 қараша 01:52
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Құстар пастереллезден қырылмаған

2 294 просмотра

Табиғат қорғау прокуратурасы Каспий теңізіндегі Шалыга аралында құстардың жаппай қырылу себептерін тергеуді жалғастыруда.

Облыстың табиғат қорғау прокуроры Қайрат ӨТЕУЛИЕВТІҢ айтуынша, Астана қаласындағы Орталық ветеринарлық зертханада қырылған қанаттылардың денесіне жасалған зерттеулер құстар ағзасында пастереллез қоздырғыштарының жоқтығын анықтады. Жақын арада Атырауға Ұлттық референттік зертхана мен ҚР БҒМ Микробиология мен вирусология институтының қызметкерлері келеді деп күтілуде. Олар Шалыгаға, сондай-ақ соған жақын маңдағы Қайран және Ақтоты аралдарына барады.

- Біз шындыққа көз жеткізу үшін, суды, құмды, балықты, сол сияқты өлген құстардың денелерін қосымша тексеретін боламыз, - деп сендірді облыстың табиғат қорғау прокуроры.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

28 маусым 2013, 12:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.