Атырау, 26 қараша 01:26
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Орынтақтан орынтаққа ауысты

5 367 просмотра

«А» корпусының кадрлық резервіне бұрын іріктелген кейбір мемлекеттік қызметшілердің жаңа лауазымдары белгілі болды.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, облыс әкімі аппаратының жаңа басшысы болып «А» корпусының кадрлық резервіне іріктеуден сәтті өткен Ернар БАСПАЕВ тағайындалды. Ол бұдан бұрын облыстық әділет департаментінің бастығы қызметін атқарған. Бұған дейін бас аппарат қызметкері лауазымында болған, «А» корпусына өтпеген Әлимұхаммед ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы боп тағайындалды. Осы басқарманың бұрынғы бастығы Ерболат ОМАРОВ Мақат ауданы әкімінің бос лауазымды орнына жайғасты.

Облыстық білім беру басқармасының жаңа бастығы боп бұрын Индер ауданының әкімі болған Берікқали СӘРСЕНҒАЛИЕВ тағайындалды. Осы басқарманың бұрынғы бастығы Сатқан ЕСЕНҒАЛИЕВ облыстық балалар құқығын қорғау жөніндегі басқарма бастығының міндетін атқарушы боп тағайындалды. Индер ауданының жаңа әкімінің орнына бұрын Махамбет ауданы әкімінің орынбасары боп жұмыс істеген Серік АРЫСТАН отырды (ол соңғы 20 жыл ішіндегі Индер ауданының 12-ші әкімі болды)

Зейнеткерлікке кеткен жер қатынастары басқармасының бастығыРысқали СИСАТОВТЫҢ орнына бұрын Исатай ауданының әкімі болған Тұрарбек СҰЛТАНБЕКОВ тағайындалды. Ал Исатай ауданына осыған дейін «Аджип ҚКО»-да жұмыс жасаған Нұрлыбек ОЖАЕВ әкім болды.

Еркінбек ШОХАЕВоблыстық дін істері жөніндегі басқарма бастығының міндетін атқарушы боп тағайындалды. Бұрын Атырау облыстық бас мемлекеттік еңбек инспекторы боп қызмет атқарған Салауат ИШАЙ жаңа мемлекеттік еңбек инспекциясының облыстық басқармасы бастығының міндетін атқарушы боп тағайындалды.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

28 маусым 2013, 12:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.