2024 жылғы 1 тамызда сағат 14:53-те Атырау қаласы Құрманғазы ауылында екі баланың өмірін қиған оқиға орын алды.
Бір үйдің 2 баласы яғни, 2015 ж.т. қыз бала және 2017 ж.т. ұл баланың суға батып кеткен. Құтқарушылар шақырту орнында су асты іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Департаменттің психолог маманы балалардың туыстарына шұғыл психологиялық көмек көрсетуде.
Іздестіру жұмыстарына ТЖД алты құтқарушысы, үш жүзу құралы жұмылдырылды.
"Құрметті ата – аналар, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер", - дейді Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА