Нұрлан Жанекенов KAZENERGY қауымдастығының Бас директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Нұрлан Жүсіпұлы Жанекенов 1972 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келді.
Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (ҚМЭБИ) бітірген.
Еңбек жолын 1995 жылы «Эксимбанк Қазақстан»-да бас маман болып бастады.
- 1998-1999 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде бас экономист болып жұмыс жасады.
- 1999-2002 жылдары “Қазақойл-ЯҰМК” операциялық құрылымында (геологиялық барлау) менеджер-бухгалтер қызметін атқарды.
- 2002-2004 жылдары “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ бюджеттеу департаментінің бас менеджері.
- 2004-2012 жылдары “ҚазМұнайГаз” Барлау Өндіру” АҚ перспективалық даму департаментінің директоры.
- 2012-2013 жылдары «Карповский Северный» ЖШС (геологиялық барлау) бас директоры.
- 2013 жылғы сәуірден бастап «KAZENERGY» қауымдастығының департамент директоры, басқарушы директоры, қаржы директоры.