Автобус тасымалы саласындағы заңдылықтың жай-күйіне прокурорлық талдау жүргізу нәтижесінде жергілікті атқарушы орган қызметкерінің кінәсі дәлелденді.
Қадағалау органы қала бюджетіне шамамен 50 миллион теңгеге нұқсан келтіруі мүмкін фактіні анықтады. Егжей тегжейі «Прокуратура туралы» Конституциялық заңның 26-бабының 6-тармағына сәйкес жариялауға жатпайтын болғандықтан, Атырау облысы прокурорының бірінші орынбасары Б.Сәдібеков айтпады. Алайда, «АЖ» сауалына жауапта ол «Атырауда автопарктердің бірі субсидиялау кезінде ҚҚС коэффициентін қосу арқылы 47,3 миллион теңге көлемінде негізсіз бюджет қаражатын алғанын» жазған.
Тасымалдаушыға аударымды бекіткен тұлға - қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы лауазымындағы жергілікті атқарушы органның қызметкері. Шенеунікке тәртіптік жаза, яғни ескерту немесе сөгіс берілген. Дегенмен одан да қатаң нұсқада жұмыстан шығару жазасы қаралады. Бірақ соңғы уақытта бөлімде кадрлық ауыс-түйіс болмағандықтан, іс жауапқа тартудың алғашқы екі әдісінің бірімен аяқталса керек. Прокурор «Прокуратура туралы» заңның сол тармағына сәйкес, қызметкердің аты-жөнін атамады.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА