Атырау, 23 қараша 19:35
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Балалар өлімі деректері прокуратураның ерекше бақылауында

837 просмотра

Соңғы бір айда Атырауды бала өлімі туралы хабарлар дүр сілкіндірді. Атырау облысының прокуроры Бауыржан ЖҰМАҚАНОВ «АЖ» редакциясына бала өліміне кінәлі бірде-бір адам жазадан құтылмайтынын айтты.

Естеріңізге салсақ, 4 шілде күні Жеңіс саябағында дұрыс бекітілмеген бюст құлап, бір қыз көз жұмған еді. Бір аптадан кейін, 10 шілдеде ұл бала балабақшада септикке құлап, қаза болды. Тағы төрт күннен кейін, 14 шілдеде қаладағы орталық бассейнге қыз бала батып кетті. Шілденің 26-сы күні субұрқақ сорғысы аяғын тартып, алған жарақатынан тағы бір баланың өмірі қиылды. 27 шілдеде Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында мотоцикл мінген жасөспірім түйемен соқтығысып, мерт болды. Келесі күні көпқабатты үйлердің бірінде 15 жастағы оқушы қыз үйдің терезесінен құлап қайтыс болды.

Облыстық прокуратура бала өліміне кінәлі бірде-бір адам жазадан құтылмайды деп сендірді.

«Біз әрекеттері немесе салғырттығы осындай қайғылы оқиғаларға әкеп соқтырған адамдарды анықтау және жауапкершілікке тарту үшін әрбір оқиғаның тергелуін мұқият қадағалауды жалғастырамыз. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар мұндай жағдайлардың алдын алуға және болашақта қайталанбауға жұмылдырылған», - деді облыс прокуроры Б.Жұмақанов.

Қадағалау органы облыста «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы жалғасып жатқанын да атап өтті. Прокурорлар тұрмысы қиын жағдайдағы 50-ден астам отбасына барды. Кәмелетке толмағандардың қайыршылықпен айналысу деректері анықталып, олардың ата-анасы жауапқа тартылды.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

1 тамыз, 16:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.