Атырау, 20 қыркүйек 21:47
 ашықВ Атырау +10
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Жолдағы жедел жәрдем: патрульдік полицейлер жүкті әйелді перзентханаға жеткізуге көмектесті​

505 просмотра

28 шілде түнгі сағат 00:50 шамасында патрульдік полиция ротасының қызметкерлеріне Атырау-Ақтөбе тас жолының 590 шақырым тұсында күнделікті ескерту жұмыстарын жүргізу кезінде Lada Vesta автокөлігінің жүргізушісі автокөлікте жүкті әйелдің толғағы басталғанын және оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізу керек екенін айтқан.

Патрульдік полиция ротасының қызмет инспекторлары Райымбек Қабдиев пен Қанат Ақмырзаев жедел түрде автокөліктің кедергісіз ауруханаға жетуін қамтамасыз еткен.

Әйел тез арада перзентханаға жеткізіліп, аман-есен ұл босанды. Жас ана мен оның туыстары жедел көмек көрсеткені үшін полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді.

Айта кетейік, Атырау облысында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жыл басынан бері  толғағы қысқан 4 жүкті әйелді перзентханаға жеткізді.

1 тамыз, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.