Атырау, 24 қыркүйек 13:17
 ашықВ Атырау +22
$ 475.25
€ 505.52
₽ 4.95

Мысыр президенті Мұрсидің сарайы танктермен қоршалды

1 658 просмотра

Мысыр астанасы Каирдың солтүстігіне қарай бірнеше шақырым жерде ел президенті Мұхаммед Мұрсидің жақтастары мен қарсыластары қақтығысып қалды.

Соның салдарынан 5 адам қаза тапты. Бұл жайында Мuslim.kz «Әл-Йаум әс-Сабия» интернет-порталына сілтеме жасап хабарлады. Қақтығыс Каирден 120 шақырым қашықтықта жатқан Дакахлия провинциясында болған. Мұның бәрі маусымның 30-ы күні өтетін наразылық акциясының кесірінен ушығып отыр.
Осыған орай президент сарайын да танктермен және ұлттық гвардияның сарбаздарымен қоршатып тастаған. Сарайға баратын жолдар да бетондармен жабылған. Жолдарға темір, тікен сымдар тартылған. Сарайдың сырты да, іші де сарбаздармен қоршалған. Сарбаздар отты қарулармен ғана емес, сарайдың ішінде БТР және танк секілді соғыс көліктерімен де сайланған. Америкадан да елдегі тыныштықты сақтау үшін 400-ге жуық сарбаз тартылады деген сөз бар.

Дереккөз: bnews.kz

28 маусым 2013, 09:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.