Атырау, 23 қазан 02:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +8
$ 484.19
€ 524.28
₽ 5.03

Әскерилерге қатысты іс

4 190 просмотра

Қазақстан ІІМ-нің Тергеу комитеті Атырау облысында орналасқан №41433 әскери бөлімшесінің автомобиль және танк қызметінің бастығына қатысты қылмыстық іс қозғалғандығы туралы ақпарат таратты.

Капитан шеніндегі офицер лейтенант шеніндегі өз қарамағындағы қызметкерді қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін әскери-тергеу бөлімінің жедел қызметкеріне 150 мың теңге мөлшерінде пара бермек болған.

Капитанға қатысты қылмыстық іс қозғалып, басқа жаққа кетпеу туралы қолхат түріндегі тыйым салу шарасы алынды. Тергеу комитетінің ақпаратында«қылмыстық істі тергеу барысында капитан ашық ұрлау және ресми құжаттарды бүлдіру мақсатында тергеу әрекеттері жүріп жатқан Атырау тобының қызметтік кабинетіне баса-көктеп кіріп, үстел үстінде жатқан материалды жұлып алып, оларды жыртып, қашып кетпек болған, алайда оны бөлім қызметкерлері ұстап алды» делінген.

Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 324-бабының 2-тармағы («Ұрлау немесе құжаттарды бүлдіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Атырау облыстық ІІМ ТК әскери-тергеу бөлімінің бастығы Жасұлан ШОЛБАҚОВ осы ақпаратты растады, алайда «тергеу мүддесі» үшін түсінік беруден бас тартты. Батыс өңірінің әскери прокурорының орынбасары Руслан ӘЛМАХАНОВ аталмыш фактілер бойынша жинақталған материалдар қазір қолында екенін хабарлады. Олармен жете танысып шыққан соң, ол әскери тергеушілер әрекетінің заңдылығына баға бермек.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

27 маусым 2013, 14:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.