Бразилияда ереуiлдер әлi де жалғасып жатыр. Тәртiпсiздiк кезiнде тағы да адамдар қаза тапты. Осылайша, көз жұмғандар саны 4 адамға жеткен. Наразы топтағы әйелдердi көлiк қағып кетуi ереуiлшiлердiң ызасын келтiрiп, ашындыра түстi. Көлiктiң иесiн iздеген олар ашу-ызаға берiлгенi сонша, көлiктi өртеп, күлiн көкке ұшырған. Жаппай тәртiпсiздiк кезiнде жарақат алған бiрнеше тұрғын бар. Наразы топ әртүрлi қалаларда дөңгелектердi өртеп, негiзгi жолдарды жауып, полицияға тас лақтырып, қақтығысқа баруда. Ал тәртiп сақшылары оларды тарату үшiн көзден жас ағызатын газ шашып, резеңке оқтармен атып жатыр.
Дереккөз: zhasalash.kz