Қазіргі таңда 5260,6 гектар алқаптың 687 гектары орылып, 16115 тонна өнім жиналды.
- Жалпы биыл 350 шаруашылық құрылымдары мен жеке секторлар 10825 гектар көлемінде егін егуді жоспарлаған болатын. Алайда облыста болған су тасқыны салдарынан 5564,4 гектар егіс алқаптары су астында қалды. Тек 5260,6 гектар егістікке түрлі дақылдар егілген болатын. Өткен жылмен салыстырғанда егіс көлемі сол себептен күрт азайып кеткен болатын. 600 гектарға картоп, 1542,2 га көкөніс өнімдері, 937, 2 га бақша, 2181,2 га мал азықтық дақылдары егілді. Енді диқаншылар бар өнімдерін халыққа ұсынуда,-дейді ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді САЛАМАТ.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА