Атырау, 23 қараша 19:38
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Атырауда алимент берешегін төлемеген үш азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды​

592 просмотра

Атырау облысы Әділет департаментінің бастамасымен Атырау облысының прокуратурасы, Атырау облысының полиция департаменті, Атырау облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен Сот актілерін орындамаған борышкерлерді ҚР ҚК-нің 139 бабы негізінде қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша өзара бірлескен іс-қимыл тәртібі туралы бірлескен бұйрықпен жұмыс тобының құрамы  бекітіліп, қызмет атқаруда.

Бірлескен бұйрық талабы бойынша биылғы жылдың алты айында борышкерлерге  қатысты қылмыстық іс көтеруге ұсыныс жолданып, Атырау қаласы прокуратурасының АЕК-не тіркелген құжаттар негізінде қалалық полиция басқармасымен 18 борышкерге қатысты қылмыстық іс тіркеліп, оның   4 ісі сотқа жолданды.  

Атырау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Гуланда
ҚЫСТАУБАЕВАНЫҢ  
мәліметінше, борышкерлердің үшеуінің берешек сомасы 5 миллионнан астам теңгені құраған.

Бала алдындағы жауапкершіліктен жалтару мақсатында, табысын жасырып, дүние-мүлкін  ата-анасының немесе басқа да туыстарының атына жазғызып, айлығын ең төменгі мөлшерде көрсеткен .

Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ҚК 139 бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін, яғни кәмелетке толмаған балаларын асыруға арналған сот шешімі бойынша ақшалай қаражатты төлеу жөніндегі міндетін үш айдан астам орындамаған үш азамат   кінәлі деп танылып, 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Айтпақшы, ата-ананың кәмелетке толмаған балаларын, сол сияқты он сегіз жасқа толған еңбекке қабілетсіз балаларын күтіп-бағуға сот шешімі бойынша қаражат төлеу жөніндегі міндеттерін үш айдан  астам орындамаған борышкерлер ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен әкімшілік және ҚР ҚК-нің 139 бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

31 шілде, 17:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.