29 шілдеде Атырауда Б.Құлманов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің үшінші қабатының терезесінен 6 жасар бала құлап кетті.
Оқиға 16:00 шамасында болған. Жарақаттанған бала ауруханаға жеткізілді. Оның аяғына ота жасалды. Жағдайы тұрақты. Қазіргі уақытта травматология бөлімішесінде ем алып жатыр.
Жыл басынан осындай 7 жағдай тіркеліп, 1 бала көз жұмды.
"Жәндік өткізбейтін терезе торы баланың құлап кетуінен қорғамайды, балаларға үлкендердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз, балаларға қамқорлық жасаңыз" деп ескертеді Атырау облысы ТЖД.
Айнұр САПАРОВА