Атырау, 23 қараша 19:35
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

"​Теплый" каналында балық өліп жатыр: комиссия құрылды

161 просмотра

29 шілдеде Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы әлеуметтік желі мен су айдындарына жүргізілген мониторинг кезінде Атырау қаласының маңындағы Теплый каналында балықтың қырылғанын.анықтаған. 

Инспекция балықтың қырылғаны туралы қабылданған схемаға сәйкес барлық мүдделі мемлекеттік органдарды хабардар етті. Осы ақпаратты тексеру үшін жоғарыда аталған мемлекеттік органдардың өкілдерінен тұратын комиссия балық өлімінің болжамды орнына шықты.

Анықтама:

Теплый каналы Атырау жылу-электр орталығына тиесілі, ондағы судың температурасы +39,5 градус, оттегінің мөлшері – 6 мл/дм3. Су жылу электр орталығының қазандықтары салқындағаннан кейін каналға түседі. Сондай-ақ, шабындық аумақты суару үшін қолданылады.

30 шілде, 11:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.