Атырау, 23 қараша 18:48
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

142 жас кәсіпкерге кәсіп ашу үшін 710 миллион теңге несие беріледі

758 просмотра
Көрнекі сурет

Жастарға 2,5 жеңілдік пайызбен берілетін микрокредиттерді тамыз айынан бастап «Агронесие корпорациясы» АҚ-ның Атырау облысы бойынша филиалы арқылы беріледі. Бұл туралы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат МӘМБЕТОВ мәлім етті. 

Кәсіп бастауға жәрдемдесу бағытында жастарға микрокредит 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін мерзімі 7 жылға дейін беріледі. Оның ең жоғары сомасы - 5 миллион теңге. Кепіл болуы – міндетті және оған жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік жатады Яғни, жер учаскелері, пәтер, тұрғый үй, ғимарат, құрылғы, көлік, арнайы техника, екінші деңгейдегі банктардың есеп шоттарындағы қаражаттар және т.б.

А.Мәмбетовтің айтуынша. микрокредитті 21-35 жас аралығындағы азаматтар және дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі бес жылдан аспағандар ала алады.

- Микрокредит алу үшін үміткерлер сенім білдірілген өкілге, яғни Агронесие корпорациясына тиісті құжаттарды ұсынады. Онда түскен құжаттар жан-жақты тексеріліп және олардың талаптарына сәйкестігімен ұсынылған бизнес жобаға бағалау жүргізеді. Одан соң бизнес-жобаларды іріктеу үшін құжаттар облыстық конкурстық комиссияға ұсынылады. Жобаларды қорғау нәтижесімен оң баға берілген жағдайда микрокредиттер беріледі,-деді А. Мәмбетов.

Сондай-ақ басқарма басшысы несие алушылар қаржыны жеке мақсатына пайдалана алмайтынын атап өтті.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

30 шілде, 11:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.