Атырау, 12 қаңтар 19:49
 бұлттыВ Атырау -4
$ 526.81
€ 542.72
₽ 5.16

Руслан Балықбаев «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды

1 037 просмотра

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компания басшылығының құрамындағы өзгерістерді хабарлайды.

Руслан Әлібекұлы Балықбаев «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Ол ірі жобалар бағытын басқарады.

Р. Балықбаев Қазақстан-Британ техникалық университетін «Мұнай және газ кен орындарын игеру», Турин қаласының политехникалық университетін (Polytechnic University of Turin) мұнай инженері магистрі мамандығы бойынша бітірген.

2013-2024 жылдары Р.Балықбаев «PSA» ЖШС-де менеджер, аға менеджер, департамент директоры, Солтүстік Каспий жобасы бойынша бас менеджер (Басқарма мүшесі) болып қызмет атқарды.

Атқарған қажырлы еңбегі үшін «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен, «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.

2019 жылдан бері — Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

29 шілде 2024, 15:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.