Атырау, 23 қараша 19:09
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстан 2024 жылдың І жартысында 44,7 миллион тонна мұнай өндірді

670 просмотра

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің отын-энергетика кешенінің биылғы бірінші жартыжылдықтағы дамуы жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды Ақорда.

Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, осы уақыт аралығында 44,7 миллион тонна мұнай өндірілген. Мұнай өнімдерінің өндірісі 6,78 миллион тоннаны құраған. Сондай-ақ 30,1 миллиард текше метр газ өндіріліп, электр қуатын өндіру көлемі 60,4 миллиард кВт/сағатқа жеткен.

Президентке ведомствоның тұтынушыларды электр қуатымен және жылумен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталған ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жоспары жөнінде мәлімет берілді. Сонымен қатар жаңартылатын энергия көздерін дамыту шаралары туралы баяндалды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы жылыту маусымына дайындық бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуді және ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуді тапсырды.

29 шілде, 13:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.