Атырау, 23 қараша 19:08
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сарыөзек каналынан 520 мыңнан астам балық шабақтары құтқарылды

654 просмотра

Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс ауылында орналасқан Сарыөзек каналынан 520 мыңнан астам балық шабақтары құтқарылды, деп хабарлайды ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитеті.

Естеріңізге сала кетейік, көктемгі су тасқыны салдарынан Жайық өзені арнасынан тасып, өзен суы төгілген жерлер арқылы Сарыөзек арнасына құйылды. Тасқын сумен бірге арнаға балық шабақтары да түскен. Маусым айында Жайық өзеніндегі су деңгейі тұрақтанды, ал тасқын су төгіліп, арнада өскен балық шабақтарымен бірге жиналып қалған.

Қазіргі уақытта арнада жиналған балық шабақтарын сақтап қалу үшін су беру насосы арқылы су жіберіліп, балық шабақтарын құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Іс-шараға Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, жергілікті атқарушы органдар, балық шаруашылығы субъектілерінің өкілдері, жергілікті тұрғындар, еріктілер және блогерлер қатысып жатыр.

Құтқарылған балық шабақтарының түрі: сазан, табан, көксерке, жайын, орташа салмағы 12-14 грамм болатын мөңке.

Айта кетейік, 2024 жылдың маусымынан бастап қазіргі уақытқа дейін Атырау облысының су айдындарында 49 млн. 920 мыңнан астам балық шабақтары, оның ішінде Құрманғазы ауданы аумағында – 39 млн. 900 мың дана, Индер ауданы аумағында – 8 млн. 500 мың дана, Махамбет ауданында – 1 млн. 520 мың дана, Атырау қаласының облыс орталығында - 35,5 мың дана балық шабақтары құтқарылды.

Бөлшектенген су айдындарынан құтқарылған барлық балық шабақтары Жайық өзеніне тірі күйінде жіберіліп жатыр.

29 шілде, 12:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.