Атырау, 23 қараша 18:50
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қызылқоға ауданындағы құм көшкінін тоқтатуға 647,9 млн теңге бөлінген

699 просмотра

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпаратына қарағанда, аталған ауданның бірнеше елді мекенінде құм көшкіні жүреді. 

«Қызылқоға ауданы аумағындағы жердің басым бөлігі жазық әрі шөлейтті болғандықтан, жиі жел соғады. Екпіні қатты жел құм көшкінінің жүруіне себепкер болады. Бұл мәселені оңтайлы шешу үшін ауылдардың жан-жағына сексеуіл егіле бастады», - деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қызылқоға ауылдық округінің әкімі Зейнолла ШӘЛІКОВТЫҢ айтуынша, аталған жобаға тапсырыс беруші облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы. Мердігер мекеме – «Еділ-Строй Сервис» ЖШС. Жобаның құны – 647 млн 981 мың 499 теңге. Бүгінде Қарабау ауылының 6 гектар аумағы қоршалған. Енді сексеуіл мен көп жылдық шөптер егілетін болады. Дәл осындай жұмыстар Сағыз, Ойыл ауылдық округтері мен Бүйрек елді мекенінде жүріп жатыр. Жоба жылдың аяғында аяқталады деп күтілуде.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

29 шілде, 15:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.