Атырау, 23 қараша 20:00
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Тыйым салынған діни материалдарды таратқаны үшін Атырау тұрғыны ұсталды

805 просмотра

Атырау және Ақтөбе облыстарының Экстремизмге қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында әлеуметтік желі арқылы діни алауыздыққа шақыратын, тыйым салынған діни материалдарды таратумен айналысқан 18 жастағы Атырау облысының тұрғынын ұстады. 

Күдіктінің уақытша мекен-жайын тінту жүргізу кезінде түрлі діни кітаптар, діни мәтіні бар брошюра, т.б. заттар тәркіленді.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң не өзге де ұйымның экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметiне соттың тыйым салу немесе тарату туралы шешiмiнен кейiн олардың қызметiн ұйымдастыру және оған қатысу дерегімен қылмыстық іс қозғалды.

29 шілде, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.