Атырау, 23 қараша 20:37
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сорғы тартып алған: Атырау қаласындағы субұрқақта бүлдіршін қаза болды

957 просмотра

26 шілдеде Атырауда қайғылы оқиға болды: төрт жасар бала субұрқақта тұншығып, қаза болған.

«Ақ Жайық» редакциясының тілшісі қаза болған баланың анасы Светлана ҚАПИЗОВАМЕН тілдескен еді. Бүлдіршін отбасындағы төртінші бала екен. Сол күні ол 15 және 13 жастағы әпкелерімен бірге ойнауға кеткен. Қайғыдан қан жұтқан анаға оқиғаның мән-жайы әлі түсініксіз.

- Неге бірден өшірмеген? Оны құтқара алмады ғой, - дейді анасы.

Ал Атырау облыстық полиция департаменті оқиғаның сағат 17:50 шамасында Әйтеке би көшесіндегі субұрқақта болғанын хабарлады. Субұрқақ ішіндегі айналмалы сорғы 2021 ж.т. баланың аяғын тартып алып, салдарынан бүлдіршін қаза тапқан.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

Айнұр САПАРОВА

28 шілде, 14:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.