Атырау, 23 қазан 02:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +8
$ 484.19
€ 524.28
₽ 5.03

Қылмыстық хроника

2 183 просмотра

Маусымның 18-іне қараған түні Геолог поселкесіндегі жатақханалардың бірінен жылу радиаторларын ұрламақшы болған үш жас жігіт қылмыс үстінде ұсталды. Олардан басқа жаққа кетпеу туралы қолхат алынды. 

***

 

Исатай ауданының Жанбай поселкесінде үйлердің бірінің сарайынан 23 маусымда асылып қалған 31 жастағы әйел адамның мүрдесі табылды.

***

 

Маусымның 24-і күні кешкісін Атырау қаласының 18 жастағы тұрғыны «Лидер» дүкенінен құны 7 мың теңге тұратын виски бөтелкесін қойнына жасырып алып кетпек болған. Ұрыны күзетші ұстап алып, полицейлер қолына тапсырды.

***

 

Маусымның 24-і күні ұрылар Құлсары қаласының 4-ауылындағы жеке үйге ұрлыққа түсіп, қаракүзен ішікті, ноутбукты және зергерлік бұйымдарды олжалаған. Тергеу жүргізілуде.

***

 

Маусымның 25-іне қараған түні «Дина» базарының екі күзетшісі әлденені бөлісе алмапты. 36 жастағы жігіт өзін 28 жастағы әріптесінің соққыға жыққанына шағымданды. Бұзақыдан басқа жаққа кетпеу туралы қолхат алынды.

***

 

Атырауда Геолог поселкесінің 24 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол Әлиев көшесінің бойындағы моншадан 8 мамырда Тасқала поселкесінің тұрғынының ұялы телефонын ұрлап алған. Ол басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

 

Маусымның 25-і күні судан құтқару қызметінің қызметкерлері51 жастағы ер адамды құтқарып қалды. Әлиев-Сатыбалдиев көпірінің маңында Жайық өзеніне шомылып жүргенде оның қояншық ұстамалы ауруы ұстап қалған. Құтқарушылар оны жағаға шығарып, дәрігерге дейінгі көмек көрсетіп, жедел жәрдем бригадасын шақырды. Науқас ауруханаға жатудан бас тартқандықтан, үйіне жеткізілді.

Облыстық ІІД және ТЖД баспасөз қызметтерінің мәліметтері бойынша

27 маусым 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.