Атырау, 26 қараша 01:31
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Арқадан түскен жүк

1 483 просмотра

Жақында Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің (ТМРА) төрағасы Мұрат ОСПАНОВ күтпеген жерден тұтынушыларды көптен толғандырып келе жатқан мәселелерінен құтқарды. Ол монополистерге жалпыүйлік жылу өлшегіш аспаптарды өзқаражаттарына қондыруға міндеттеуді ұсынды.

Осылайша, бәрі орнына келді. Егер қолданыстағы «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» заңнамада жалпыүйлік жылу өлшегіш аспаптарды қондыру міндеттемесі монополистке де, тұтынушыға да жүктелсе, енді енгізілгелі жатқан өзгерістер бұл міндеттемені тек монополистке артуды көздейді.

Бұл тақырып бойынша біздің редакциялық сауалымызға Атырау облысы бойынша ТМРАД басшысы Балжан ДОСМҰХАМБЕТОВА нақты жауап берді. Оның айтуынша, бұл шара табиғи монополия субъектілерінің тұтынушылар алдында қондырылмаған есептеу аспаптары үшін жауапкершіліктерін арттыру мақсатында қабылданды.

«Жалпыүйлік жылу өлшегіш аспабы тек нақты тұтынылған жылу үшін ақша төлеу ғана емес, сондай-ақ, үйішілік жылу желілері мен тұтынушыларға тиесілі жабдықтарды қосқанда, барлық деңгейде қуатты үнемдеу бойынша шараларды жүргізуге мықты ынталандыру болып табылады. Тұтынылған жылу қуатын нақты есептемей тұрып, қуатты үнемдеу туралы айтып та қажет емес.

Қазіргі уақытта республика бойынша үйлерді жапыүйлік жылу қуатын өлшегіш аспаптармен қамтамасыз ету төмен деңгейде, сондықтан да бұл мәселені шешуіміз керек.

Жылу қуатын өлшеу аспаптарын баланстық қамтамасыз етуші монополист болып табылады. Тұтынушының балансындағы есептеу аспаптарын табиғи монополия субъектілері тұрғындардан қалдық сомасы бойынша сатып алады және оны қамтамасыз ету мен қорғауды мойнына алады.

Өлшеу аспаптарын қондыруға арналған қаражат көздері алғашқы кезеңде жылумен қамтамасыз ету қызметтерін сыртқы ауа температурасын есепке ала отырып кері есептеулерден, жылу қуатын өлшегіш аспаптардың бар болуына және жоқтығына байланысты дифференциалды тарифтерді қолданудан, сондай-ақ, инвестициялық бағдарламаларды түзетулер есебінен алынады».

ТМРАД деректері бойынша, бүгінгі күні Атырауда жылу қуатын өлшегіш аспаптармен жасақтау 19%-ы құрайды (452 үйдің 89-ында бар). Өткен жылы жылу өлшегіштерді орнату науқанының қызып тұрған кезінде ТМРАД тұтынушыларды ақшалай жазалағысы келгенін айтып кеткен жөн. Департамент аспаптармен жасақталмаған үйлер тұрғындарына тарифтерді өсіруді ұсынған. Мұндай жылу өлшегіштерді көптеген ескі үйлерде орнату мүмкін емес дегенді де тыңдағысы келмеген. Енді осындай шараларды ол монополистерге қолдана алады.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

27 маусым 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.