Атырау, 26 қараша 01:49
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Жұмыстың жаманы болмайды

6 738 просмотра

Қазақстанда «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» жаңа бағдарламасы іске қосылды. Оның шеңберінде ел бойынша мамандықтар жәрмеңкесі өтті. Атырауда бос жұмыс орындарын іздеушілер өз түйіндемелерін ықтимал жұмыс берушілерге бере алатын шара қалалық жұмыспен қамту бөлімінде өткізілді.

Жәрмеңкеге 150-ден астам жұмыс берушілер қатысты, олар 800-дей бос жұмыс орны бар екендігі туралы мәлімдеді. Солардың ішінде «ҚазПроджект Оперейтинг», «СБиИ Европа», «Болашақ Атырау», «ЮСС Суппорт Сервисез», «Теңізшевройл», «Іскер», «Аджип», «Синопек Инжиниринг» компаниялары бар.

Таңертең жұмыспен қамту орталығының алдына адамдар көп жиналды. Полицейлер үміткерлерді шағын топпен өткізіп тұрды. Байқағанымыз бойынша, олар ең алдымен ірі шетелдік компаниялардың өкілдеріне барып жатты.

– Бүгінде үлкен шетелдік компаниялардың көпшілігінде үлкен жобалардың, тиісінше, көп бос орындар жоқ екендігін ұмытпаған жөн. Жергілікті фирмалардың жақсы ұсыныстарына жұмыссыздар мән бермейді, бұлары бекер. Бұл жұмысқа орналасудың нақты мүмкіндігі ғой, - деп есептейді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Гүлмира ШАКИРОВА.

«Атырау Зеленстрой ЛТД» ЖШС-нің даму және маркетинг бөлімінің бастығы Евгений ШИННІҢ де көзқарасы осындай. Оның мекемесі жәрмеңкеге жүздеген түрлі – техникалық қадағалау инженерінен бастап көгалдандыру жөніндегі жұмысшыға дейін бос орындар ұсынған.

Адамдарды, шамасы, жұмыстың маусымдылығы мен осы жақтағы өлшем бойынша жалақының оншалықты жоғары еместігі қорқытатын секілді. Мәселен, көгалдандырушыларға біз 60 мың теңге ұсынамыз. Жергілікті жұмыссыздар бұл ақшаны аздық етеді. Сонда жұмыссыз отырып, ештеңе алмаған жақсы ма? Бізге басқа жақтан келушілерді жұмысқа тартуға тура келеді. Сонымен қатар, биыл оқу орнына жазда студенттерге табыс табу ұсынысымен шыққымыз келеді, - дейді Е. Шин.

Жұмыссыздар біршама бос жұмыс орындары болғанына қарамастан, «Арнаулы автобаза» КМК-не де көңіл аудара қоймады.

Жапа-тармағай жұмыс іздеушілерге ірі компания өкілдері өз кезектерінде анағұрлым салмақты орындарға қойылатын талаптардың да жоғары екенін атап өтті. Бұлар - жұмыс тәжірибесі және маманданғанын растайтын құжаттар болуы керек.

Өкінішке орай, ізденушілердің көпшілігі біздің талаптарымызға сай келмейді. Түйіндемеде басқаша жазылса, әңгімелесу кезінде бұл ақпарат расталмай жатады, - деп қынжылыс білдірді біреуі.

Болат ҚожиевБолат ҚожиевБір қызығы, мамандықтар жәрмеңкесіне оқу орындары да қатысты. Олардың жәрмеңкеге қатысуы жұмыс берушілер үшін де, бос жұмыс орнын іздеушілер үшін де ақпараттық сипатта болды. Жұмыс іздеушілердің бүгінде мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламасының аясында қысқа мерзімді даярлау және қайта даярлау курстарынан өтуге мүмкіндіктері бар.

Ғұмырында тек бір мамандықты ғана алатын заман келмеске кетті. Бүгінде әр адамда 3-4 мамандық болған жөн. Біреуінен жолы болмаса, басқасынан бақ сынап көруге болады, - дейді Атырау агроөнеркәсіп колледжінің директоры Болат ҚОЖИЕВ. – Бүгінде мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламасының арқасында қысқа мерзімде жаңа мамандықтар алуға болады. Адамдар осы мүмкіндікті молынан пайдаланса екен деймін.

Г. Шакирова оқу орындарынан профильдік бағыттар бойынша бос орын іздеушілер қатыса алатын арнайы жәрмеңкелер өткізу туралы ұсыныс түскенін атап өтті.

– Мәселен, ұсыныстардың бірі – мұғалімдердің жәрмеңкесін өткізу. Бізде облыста төрт жүздей педагог жетіспейді. Бұл - өте жақсы идея, біз оны жетілдіретін боламыз. 

Тамара СУХОМЛИНОВА

27 маусым 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.