Атырау, 24 қараша 00:53
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Депутат Тұрғанов: "Алдағы 2-3 жылда сумен қамту мәселесі шешіледі"

1 134 просмотра

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Дүйсенбай Тұрғанов «Атырау Су арнасы» еңбек ұжымымен кездесіп, кәсіпорынның жұмысымен танысты. Қазіргі уақытта су сорғысы және сүзу стансаларын жаңғырту бойынша екі жоба іске асырылып жатыр, олардың құны 10 млрд теңгені құрайды. Депутат аймақтағы кәріз және тазарту құрылыстарының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметі. 

Қазіргі уақытта Атырау қаласында коммуналдық желілерді жаңғырту, 33,2 шақырым кәріз жүйесінің күрделі жөндеу жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Сондай-ақ Сәтпаев даңғылы бойынша кәріз коллекторын жөндеу жұмыстары жалғасуда. Қалада және жақын маңдағы елді мекендерде тозығы жеткен 60,1 шақырым кәріз құбырына күрделі жөндеуде. Ең алдымен Құлманов, Сәтпаев, Канцев, Өтемісов және Момышұлы көшелеріндегі жалпы ұзындығы 30,7 шақырымды құрайтын апатты желілер жөнделетін болады. 

- Қыркүйек айында Мәжіліс депутаттары республикалық бюджет жобасын қарайды. Сол кезде біз Атырау қаласының су құбырларын жөндеуге қажетті келесі жылғы қаржыландыру мәселесін шешуге тырысамыз. Бұл бірлескен қаржыландыру болады, бір бөлігі – облыс бюджетінен, екіншісі – республикалық бюджеттен. №6 сорғы-сүзгі стансасының тозуы 95 пайызға жетті, бұл 1940 жылы салынған ғимарат. Жобалау-сметалық құжаттама дайын, қазір мемлекеттік сараптама кезеңінде тұр, – деді Дүйсенбай Тұрғанов. 

Депутат сондай-ақ жазғы уақытта қала маңындағы тұрғындар суармалы су үшін пайдаланатын судың тапшылығына назар аударды. Оның пікірінше, алдағы 2-3 жылда сумен қамтамасыз ету мәселесі шешілетін болады. 

Айта кету керек, «AMANAT» партиясының Атырау облысы бойынша сайлауалды бағдарламасы аясында 2027 жылға дейін 14 ауылға су құбырларын тартып, 5 ауылда су тазарту блок модульдерін орнату, сондай-ақ Атырау және Құлсары қалаларындағы су тазарту құрылыстарын жаңғырту жоспарланған.

Суреттер мәжілістің баспасөз қызметінен

12 шілде, 23:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.