Атырау қаласының селолық округтары тұрғындарының бизнесін шағын несиелеуге алғашқы жартыжылдықта 180 млн теңге бөлінген.
Қаржыландыру «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының шеңберінде жүзеге асырылады. Жеңілдік кезеңдері бар және жылына 5,64%-дық мөлшерлемемен 3 млн теңгеге дейін несие алуға 700-ден аса өтінім берілген. Несиелік комиссия 63 жобаны іріктеп алды.
- Кәсіпкерлеріміз, негізінен, ауылдық монша, шаштараз, жолаушылар тасымалы сияқты үйреншікті жолмен жүргілері келеді. Алайда егін егіп, мал баққысы келетіндер де жеткілікті, - дейді Атырау қаласы бойынша жұмыспен қамту орталығының директоры Гүлнәр ҚҰСПАНОВА.
Осы жылы ұсынылған қызықты идеяларға шұбатхана мен болашақта ешкі сүтін өндіруді қолға алу үшін ешкі өсіретіншаруа қожалығын ашуды жатқызуға болады.
- Кәсіпкерлердің бірі өзінің құлпынай өсіру шаруашылығын кеңейткісі келеді. Енді бір жоба бал арасын өсірумен байланысты. Бұл әйел әзірге несие ала қойған жоқ – біз кейбір ұсақ-түйектерді нақтылауға ұсыныс бердік, - дейді Құспанова.
Сондай-ақ, мотор-трактор станциясын салу туралы қызықты ұсыныс та келіп түсті. Бұл бүгінде арнайы техниканы жоғары бағамен жалға алуға мәжбүр болып отырған шаруалар үшін жақсы балама болар еді.
Шағын несиелерге деген сұраныстың көптігіне байланысты, жергілікті билік осы мақсатта республикалық бюджеттен 1 млрд 300 мың теңге сұрады.
Тамара СУХОМЛИНОВА