Атырау, 19 қараша 10:34
 бұлттыВ Атырау +5
$ 497.89
€ 525.12
₽ 5.00

"​Сайлаушыларды толғандыратын мәселелерді талқылау маңызды" - Ізмұхамбетов

1 178 просмотра

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Бақтықожа Ізмұхамбетов жұмыс сапарымен Атырау облысына барып, өңірдегі әскери бөлім құрамымен, полицейлермен және Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметі. 

Кездесу барысында депутат әскери бөлімнің жеке құрамымен, олардың материалдық-техникалық жабдықталуымен және әскери қызметшілердің жағдайымен танысты. Облыстық полиция департаментінің қызметкерлерімен жүздескен кезде Бақтықожа Ізмұхамбетов полицияның қоғамдағы рөлін ескере келе, тәртіп сақшыларына да мемлекет тарапынан әлеуметтік және құқықтық қолдау қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар, депутат Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамымен кездесуі барысында оларды толғандыратын мәселелерді тыңдап, Парламент қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстар мен жаңадан қабылданған заңдар туралы ақпарат берді. 

Жиын барысында халық қалаулысы №13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің материалдық-техникалық жабдықталуымен танысты. Сондай-ақ басқосуда жеке құрамның біліктілігін арттыруға және жұмыс жағдайларын жақсартуға қатысты мәселелер талқыланды.


12 шілде, 16:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.