Атырау, 26 қараша 01:32
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ережесіз ЖШС

1 515 просмотра

Индер ауданының тұрғындары М. Волкова мен Л. Вьюркова «BIAS TECH» ЖШС-нің үстінен аудандық прокуратураға  арыз түсірді.

Тексеру барысында тазалықшы М. Волкованың еңбек шартында 2010 жылдан бергі айлық жалақысы 20 000 теңгені құрағанымен, кейін 40 500 теңгеге өскендігі көрсетілмегендігі анықталды. Онымен қоймай, екі жұмысшының да еңбек шартын бұзатынын екі ай бұрын ескертпеген болып шықты. Және 93 жұмысшыға сәуір айының жалақысы кешіктіріліп берілген болса, 150 жұмысшының сақтандыру шартын 2012 жылдың 9 желтоқсанынан кейін тоқтатып тастаған.

- Тексеру нәтижесінде 125 жұмысшыға 4 млн 289 мың теңге көлеміндегі жалақылары төленді. Ал заң бұзушы ЖШС әкімшілігіне1 млн 788 мың теңге, серіктестік директорына 173 мың теңге айыппұл салынды, - дейді Индер ауданы прокуроры Нұрлан ӨМІРЗАХОВ.  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

27 маусым 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.