Милан соты «Руби ісі» бойынша кәмелеттік жасқа толмағандардың жезөкшелігіне қатысы бар деп айыпталған Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускониді 7 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Ресей Жаңалықтар агенттігі жазып отыр.
Сонымен қатар, соттың шешіміне сәйкес, экс-премьер мемлекеттік лауазымдарға тағайындалу құқығынан өмір бойына айырылды. Берлусконидің өзі үкімнің жариялануына қатысқан жоқ.
Бұрынғы премьер-министрге қатысты сот процесі 2011 жылдың сәуір айында басталды. Тергеу оны 18 жасқа толмаған мароккандық Карима эль-Маругпен (лақап есімі «Руби») жыныстық байланысқа түсті деп айыптаған болатын.
Дереккөз: ҚазАқпарат