Атырау, 21 қыркүйек 13:38
 ашықВ Атырау +16
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Ресейде 9 вагон рельстен шығып кетіп, 70 адам зардап шекті

918 просмотра
видеодан скриншот

Ресейдің Коми өңірінде Воркутадан Новороссийск қаласына бара жатқан жолаушылар пойызының 9 вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

РТЖ баспасөз қызметінің мәліметінше, апат орнына шұғыл қызмет жөнелтіліп, жолаушыларға тиісті көмек көрсетіліп жатыр.

«26 маусым сағат 20:12-де (Астана уақыты бойынша) Инта-1-Угольный Северной теміржолының өткелігінде (Коми Республикасы) №511 Воркут-Новороссийск жолаушылар пойызының 9 вагоны апатқа ұшырады», - делінген хабарламада.

Тергеу комитетінің ақпараты бойынша адам шығыны жоқ. Құқық қорғау органдары 70 адам зардап шеккенін хабарлады. 10 адамның жағдайы ауыр. 

Оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр, олар жолаушыларға көмек көрсетіп, көшіруге кіріскен.  

Тергеу комитеті оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады.

27 маусым, 09:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.