Атырау, 29 қыркүйек 03:17
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Он пойыз кестеден кешікті: «Жолаушылар тасымалы» кешірім сұрады

616 просмотра
видеодан скриншот

Түлкібас-Арыс учаскесінде жүк вагондарының жолдан шығып кету жағдайы болған жерде пойыз қозғалысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі кешіктірілген пойыздардың жолаушылары тамақ және ауыз сумен қамтамасыз етілгенін хабарлады. Жолда қалып қойған 492 жолаушыны жеткізу үшін 5 автобус ұйымдастырылды. Жүк вагондарының жолдан шығып кету салдарын жоюға үш қалпына келтіру пойызы және 100-ден астам теміржолшы жұмылдырылды.

«Компания жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және пойыздардың кідіру уақытын қысқарту мақсатында қажетті шараларды қабылдап жатыр. Анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі арқылы алуға болады», - делінген «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Айта кетейік, Түркістан облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті. Оқиға орнына келген құтқарушылар 150 шаршы метр жердегі өртті жойды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

Апат салдарынан 10 пойыз кестеден кешікті.

26 маусым, 11:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.