Атырау, 29 қыркүйек 01:40
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Қазақстандық компания Ресейге көмектескені үшін Еуроодақтың санкциясына ұшырады

552 просмотра

Қазақстандық DA GROUP 22 компаниясы Ресейге көмектескені үшін ЕО санкциясына ілікті. Тізімде жалпы саны 61 компания бар, деп хабарлайды Курсив.

Санкцияға Қырғызстан, Қытай, Түркия және БАӘ елдерінде тіркелген компаниялар іліккен. Олар Ресейге дрондарға арналған бөлшек сатып алу арқылы ресейлік әскери-өнеркәсіптік кешенді қолдаған. Сонымен қатар 116 ресейлік жеке және заңды тұлғаға қатысты шектеу енгізілді.

Еуропалық Одақ Ресейден сұйытылған табиғи газды Еуропа порттары арқылы тасымалдауға шектеу енгізді. ЕО кеңесінің хабарлауынша, бұл шаралар Ресейдің шикізат саудасы мен тасымалдаудан түсетін кірісін азайтуға бағытталған. Шектеулер бір кемеден екіншісіне ауыстырып тиеуді де, кемеден жағаға ауыстырып тиеуді де қамтиды. Бұл шектеулер тек ЕО арқылы үшінші елдерге қайта экспорттауға қатысты. Олар импортқа қолданылмайды.

Жаңа санкциялар пакеті ЕО компанияларын үшінші елдердегі еншілес компанияларының Ресейге қарсы шектеулерді айналып өтпеуін қамтамасыз етуге бағытталған. Ол сондай-ақ қару сататын компанияларды Ресейге тауарларды реэкспорттау тәуекелдерін анықтайтын және бағалайтын тиісті тексеру тетіктерін енгізуді міндеттеді.

Жыл басында DA GROUP 22 компаниясы АҚШ санкциясының астында қалған. Ашық дереккөз мәліметінде бұл компания 2022 жылы тіркелгенін көруге болады. Электронды және телекоммуникациялық жабдықтар мен олардың қосалқы бөлшектерін сатумен айналысады. Бірінші басшысы мен құрылтайшысы ретінде Носаева Лиля көрсетілген.

2024 жылдың ақпан айында Еуропалық Одақ «Ресей әскери-өнеркәсіп кешенін қолдағаны үшін» қазақстандық компанияларға қарсы санкция салған.

25 маусым, 16:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.