Атырау, 16 шілде 02:17
 ашықВ Атырау +31
$ 472.49
€ 515.44
₽ 5.41

Қазақстанда жұмыс уақыты бір сағат ерте басталуы мүмкін

481 просмотра
видеодан скриншот

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова  уақыт белдеуіне қатысты ұсыныс жайлы айтты,  деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

Елімізде наурыз айынан бастап бірыңғай уақыт белдеуі енгізіліп, бір сағат кейінге шегерілген болатын. Тұрғындар таңның ерте атуына қатысты шағымданып, қыс мезгілінде жұмыс аяқталғанда тым қараңғы болатынын алға тартты. Azattyq Ryhy тілшісі осыған қатысты министрге сұрақ қойды. 

«Бізге уақыт белдеуіне қатысты көп хат келіп жатыр. Біз ол хаттарға бір тәсілді негізде жауап береміз. Жұмыс беруші мен жұмысшының арасында келісімшарт бар. Жұмыс кестесін екі тарап келісіп жасайды. Сондықтан қараңғы уақытта жұмыс істемеу үшін жұмыс 9:00-ден басталса, оны жұмыс берушімен келісіп, 8:00-ден бастаса бір сағатты қысқартады»,- дейді Жақыпова.

Министр сондай ұсыныс түскенін де айтты.

«Ол шешім күрделі емес. Жұмыс беруші мен жұмысшы келісе алады. Жеке меншік және бюджеттік мекемелерге жұмысты бір сағат ерте бастауға ұсыныс бердік. Екі тараптың бірлесіп шешуі заңда жазылған»,- дейді ол. 
25 маусым, 12:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.