Атырау, 28 қыркүйек 23:55
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Су тасқынынан зардап шеккендердің үйін қалпына келтіру үшін 257 млрд теңге қажет – Бозымбаев

419 просмотра

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқынынан зардап шеккен отбасыларды баспанамен қамту мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Аzattyq rýhy.

Оның айтуынша, қазір шамамен 67 мың адам өз үйлеріне оралған, эвакуациялық пункттердегі 3664 тұрғынға барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Су тасқыны басталғаннан бері барлығы 12086 тұрғын үй мен 7380 жалғыз баспана саяжай құрылыстары су астында қалды.

«Жалпы зардап шеккен өңірлерде 18228 тұрғын үй зерттелді (94%), 15651 нысан бойынша бағалау аяқталды (81%). Қазіргі уақытта зерттеу қорытындыларына сәйкес 9306 баспана қалпына келетін санатқа жатқызылды. 8190 баспана қалпына келтірілмейтін санатқа жатқызылып, олар бойынша қайталама нарықтан 5714 баспана сатып алу және 2576 типтік жобада баспана құрылыстары жоспарланған. Жалпы, тұрғын үйді қалпына келтіруге шамамен 257  млрд теңге қажет», - деді Бозымбаев үкімет отырысында.

Қазіргі уақытта 6176 отбасыға баспананы жөндеуге жалпы сомасы 40 млрд теңге өтемақы төленген. Зардап шеккен аймақтарда 3414 отбасы қираған тұрғын үйдің орнына жаңа үй мен пәтер сатып алды немесе өтемақы алды. Тағы 2503  жаңа баспананың құрылысы жүріп жатыр.

25 маусым, 10:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.