Атырау, 29 маусым 14:40
 ашықВ Атырау +22
$ 471.46
€ 504.79
₽ 5.53

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

271 просмотра
Фото: freepik.com

«Қазгидромет» РМК синоптиктері бүгінге, 25 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронттар Қазақстан территориясы арқылы жылжи отырып, найзағай мен жаңбыр, еліміздің батысына қатты жаңбыр әкеледі.

Республика бойынша жел күшейеді.

Батыс, солтүстік-батыс, солтүстік пен шығыста дауыл тұрып, бұршақ жауады. 

Оңтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Абай, Жетісу, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық сақталады, Маңғыстау облысының оңтүстігінде де аптап ыстық болады. 

Ақтөбе, Алматы, Ұлытау, Абай, Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Жетісу, Павлодар, Атырау облыстарында жоғары өрт қаупі бар. 

Атырау, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ұлытау облыстарында, Алматы облысының солтүстік жартысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Абай облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

25 маусым, 09:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.