Атырау, 14 қаңтар 17:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 528.52
€ 539.14
₽ 5.17

Ереже бұзған 400-дей түлектің ҰБТ нәтижеcі жойылды

675 просмотра
Фото: freepik.com

Ұлттық тестілеу орталығы 396 түлектің тест нәтижесі жойылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҰБТ басталғалы бері 211 мың рет тест тапсырылған. Оның ішінде талапкерлердің 76 пайызы шекті балл жинап отыр.

Түлектердің орташа балы – 68, ал әзірге республика бойынша ең жоғары балл – 138. Сондай-ақ ҰБТ-ға ерекше білім беру қажеттілігі бар 577 талапкер қатысты.

Атап айтқанда:

  • смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 267 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
  • тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 120 адам шығарылды;
  • бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 9 адамның нәтижесі жойылды;
  • бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

Тестке қатысушылардың басым бөлігі, яғни 18 пайызы «Математика-Физика», 16 пайызы «Биология-Химия» пәндер комбинациясын тапсырды. Түлектердің 15 пайызы «Шығармашылық емтихан» комбинациясын таңдаған.

21 маусым 2024, 17:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.