Атырау, 15 қаңтар 03:40
 ашықВ Атырау -5
$ 530.24
€ 543.97
₽ 5.16

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі болды

695 просмотра
Скриншот/Google Карта

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның ұлттық деректер орталығына сілтеме жасап.

Орталықтың жедел ақпаратына сәйкес, 21 маусымда Астана уақытымен сағат 07:13-те Қазақстан мен Қырғызстанның шекаралас аймағында жер сілкінісі болды.

"Жер сілкінісінің координаттары: солтүстік ендік 42.48 градус, шығыс бойлық 79.71 градус. MPV магнитудасы - 4", - делінген хабарламада.

Қырғызстандық БАҚ мәліметтері бойынша, магнитудасы 3,5 жер сілкінісі ошағы Ақ-Суй ауданы Эчкили-Таш ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 25 шақырым, Тюп ауданы Кен-Суу ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 32 шақырым, Қаракөлден оңтүстік-батысқа қарай 103 шақырым жерде орналасқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, құрбандар мен қирау болған жоқ.

21 маусым 2024, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.