Атырау, 9 қаңтар 19:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 508.91
€ 594.36
₽ 6.33

«Таза-Талас» басшысы 4 көлікті сатқаны үшін жеті жылға сотталды

850 рет қаралды
Фото: gov.kz/

Жамбыл облысында «Таза-Талас» басшылығы мемлекеттік мүлікті жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Ол жалған құжаттар негізінде 4 автокөлікті үшінші тұлғаларға сатып жіберген.

«Талас ауданының прокуратурасы «Таза-Талас» ШЖҚ КММ-нің теңгерімінде тұрған автокөліктерді жымқыру фактісін анықтады. Мемлекетке келтірілген залал мөлшері 22 млн теңгені құраған», - деп хабарлайды Жамбыл облысының прокуратурасы.

Аталған дерек негізінде Талас ауданының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп тексеру бастаған. Іс шеңберінде прокуратура құны 10 млн теңгені құрайтын 2 автокөлік қайтарылып, 7 млн теңге мемлекет пайдасына өндірілді.

«Талас аудандық сотының 2024 жылғы 13 маусымдағы үкімімен «Таза-Талас» мекемесінің директоры және оның орынбасарына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деп хабарлады дереккөз.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

21 маусым 2024, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.