Атырау, 15 қаңтар 05:05
 ашықВ Атырау -5
$ 530.24
€ 543.97
₽ 5.16

KASE: доллар бағамы тұрақты

415 просмотра
Фото: freepik.com

Қазақстан қор биржасында (KASE) 20 маусым күні сағат 15:30-да валюта нарығының құралдарының саудасы жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сауда нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 0,16 теңгеге төмендеп, 459,60 теңгені құрады.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы – 63,0061 теңге. Рубль нығаюын жалғастырып, 5,5301 (+0,0801) болды. Еуро бағамы – 493,21 теңге.

Ал 20 маусымда әлемдік мұнай бағасы көтерілді.

13:30-да ICE Futures электрондық саудасында тамыз айындағы Brent фьючерстерінің бағасы барреліне 0,31%-ға өсіп, 85,33 долларды құрады.

NYMEX электронды саудасында WTI мұнайының тамыздағы фьючерстері 0,05%-ға өсіп, барреліне 80,75 долларды құрады.

20 маусым 2024, 16:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.