Атырау, 21 қыркүйек 17:29
 ашықВ Атырау +12
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Дәрет сындыру, темекі қалдығын тастау: 462 адам әкімшілік қамауға алынды

394 просмотра
видеодан скриншот

Соңғы 5 айда қоғамдық орындарда 26 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық жасалған. Оның ішінде 422 млн теңге көлемінде 24 мыңға жуық айыппұл салынды, 462 тұлға әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бас прокуратура хабарлауынша, ұсақ бұзақылық жасау және алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу фактілері жиілеп кетті.

«Мысалы, А.Ж. елорданың 20 жастағы тұрғыны мас күйінде үйдің кіреберісіне кіші дәрет сындырған. Сот оны 15 тәулікке қамауға алды.

Басқа жағдайда, кіреберістегі есіктерді әдейі зақымдап, үйдің терезесін сындырған жас жігіт 15 тәулікке қамауға алынды. Түнгі сағат 02:00-де Жеңіс даңғылындағы үйдің ауласында ер адам резеңке балғамен біреудің көлігіне зақым келтірген. Ол 10 тәулікке қамауға алынды», - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, темекінің қалдығын көліктен тастағаны үшін жүргізуші 5 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл факт бейнебақылау камерасы арқылы анықталды.

«Әрбір азамат өзінің азаматтық ұстанымын көрсетіп, қандай да бір құқық бұзушылықтар, тіпті, ең ұсақтарын да жасамауы тиіс екендігіне назар аударамыз», - деп ескертті прокуратура.

Елордада құқық бұзушылықтардың алдын алу және анықтау мақсатында 25 мыңнан астам бейнебақылау камерасы жұмыс істейді.

20 маусым, 11:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.