Атырау, 3 қыркүйек 12:53
 дождьВ Атырау +26.8
$ 455.40
€ 526.99
₽ 5.25

Қазақстанда алғаш рет өте сирек кездесетін тиын табылды

663 рет қаралды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

«Таңбалы» ғылыми қызметкерлері халықаралық тарихи-археологиялық экспедиция өткен Қоғалы алқабында қазба жұмыстары кезінде сенсациялық жаңалық ашты. Қазақстанда алғаш рет өте сирек кездесетін тиын табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

«Түркі-соғды ерте ортағасырлық нумизматика саласындағы мамандардың пікірінше, бұл монета VII ғасырдың ортасынан бастап қолданылған. Экспедиция зерттеу жүргізген Коғалы алқабының ескерткіштері VII-VIII ғасырлардың алғашқы жартысында Жетісу жерін мекендеген батыс түріктердің мәдениетіне жатады», - делінген хабарламада.

Қазір «Таңбалы» ғылыми-реставрациялық зертханасында бірегей артефактқа қатысты алғашқы консервациялық жұмыстар жүргізілуде.

Археологиялық қазба жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

20 маусым 2024, 10:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.